5,177
likes
931
comments
daily view 0
monthly view 0

Share

Live Analytics

Comments 0

Ғазизхан Шекербек - Қызық Times | Live концерт жанды дауыста Analytics Table

Income Estimates for Ғазизхан Шекербек - Қызық Times | Live концерт жанды дауыста

Based on this YouTube video's total view count of 209K views and industry-standard rates, the estimated total earning is $147 - $419 through ad revenue. Historical data is not yet available to calculate daily, weekly, or monthly averages.

About Ғазизхан Шекербек - Қызық Times | Live концерт жанды дауыста

Explore Ғазизхан Шекербек - Қызық Times | Live концерт жанды дауыста with 209,696 views, 5,177 likes, and 931 comments. Experience the impact of this video content that has captured audience attention.

Ғазизхан Шекербеков - Қызық Times | Live концерт | Қызық Live Каналға жазыл / Подпишись на канал https://www.youtube.com/channel/UCY3tVpFJ_MKcts8_kO-qWwg?view_as=subscriber Қазақ эстрадасының дара таланты, композитор, орындаушы, көпдеген әндердің авторы Ғазизхан Шекербеков – Қызық Times бағдарламасының жаңа қонағы. Бұл шығарылым көрерменге тек музыка емес, терең ой мен өнердің шынайы құндылығын жеткізді. Бағдарлама ерекше форматта басталды. Ғазизхан студия сахнасына көтеріліп, көрерменге жақсы таныс «Мен сүйсем, сүйемін» әнін орындады. Жанды дауыстағы әсерлі орындау залды толқытты, ал әншінің сахнадағы сенімді болмысы көрерменнің ықыласын бірден баурап алды. Мен сүйсем, сүйемін, Түндерді жарық қып, Тілдерді ғаріп қып, Сезімге қарық қып, Ақшамда көкжиек Қызылын қанық қып. Мен сүйсем, сүйемін, Көктемге гүл беріп, Тотыдай түрленіп, Уақыттай сүрленіп, Тірліктің ең соңғы, Деміне үлгеріп. Ғазизхан бұл жолы жеке емес, өзімен бірге жанды бэндін ала келді. Музыканттардың әрқайсысы – жеке тұлға, өз саласында танылған кәсіби шеберлер. Бас гитарада — Руслан, гитарада — Жандос Естай, аккордеонда — Рашид, барабанда — шоумен Кирилл, ал Еділжан — танымал композитор Ринат Гайсиннің шәкірті. Әрқайсысы сахнада ерекше үйлесіммен өнер көрсетіп, музыкалық ансамбльдің шеберлігін айқын көрсетті. Ғазизхан Шекербеков — жанды дауыста концерт беруді алғаш қолға алған орындаушылардың бірі. Ол эстрададағы техникалық жеңілдіктерге сүйенбей, нағыз өнер мен шынайы эмоцияны басты орынға қояды. Осы бағыттағы еңбегімен ол тыңдарманның ерекше құрметіне ие болып келеді. Сұхбат барысында Ғазизхан өз шығармашылық жолының жаңа бағыты жайында да ашық айтты. Ол кино саласына қадам басу – көптен бергі арманы екенін бөлісті. Музыкамен қатар актерлік өнерге қызығушылығы зор екенін айтып, болашақта экранда жаңа қырынан көрінуге ниетті екенін жеткізді. Осы әңгімеден кейін студияда ерекше әсер қалдырған «Алдаған Арман» әні шырқалды. Кім жанашыр, Айналар кім досыңа? Айтпайтын да сөзің бар, Сырласына. Аласын керегінді, Жасайсын дегеніңді. Жағдайын да жетеді, Бір басына.   Шын бақытты адамдай көрінесің, Кейде, бірақ ортадан бөлінесің. Күндей боп күлгеңімен, Жарқырап жургеніңмен. Оңашада жарды аңсап, Егілесің. Бағдарламаның келесі бөлігінде Ғазизхан өзінің ең танымал туындыларының бірі — «Біздің кез» әнін орындады. Бұл ән арқылы ол тыңдарманды өткен шақтың естелігіне жетелеп, жастық шағының шынайы естеліктерімен бөлісті. Кез қайда асық атып, ләңгі ойнаған Доп теуіп, тезек теріп, арба айдаған Апыр-ай түсінбеймін осы неге Мәңгілік бала болып қалмайды адам Есейген қандай жаман Парталас құрбы қайда сыныптағы Дос қайда шұрық тесік шұлықтары Солармен асыр салып ойнар едім Алдымнан бір шықса ғой күліп тағы Кетті ғой құрып бәрі Ал қазір сол қызықтың қайда бәрі Ішімді өртеп барады қайғы алауы Одан кейін студияда көңілді атмосфера орнады. Ғазизхан дәстүрлі ләңгі тебу сайысын бастады. Бұл ойынға жүргізушілер Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек те қосылып, сахнада өзара бәсекеге түсті. Бағдарламаның бұл бөлігі көрерменге жылулық пен күлкі сыйлап, шығармашылық атмосфераны одан әрі жандандырды. Музыкалық бөлімде Ғазизхан өзінің репертуарындағы сүйікті әндерін орындады: «Байқа», «Сезім үшін», «Екі жанбыз», және «Мен сені сағындым». Әсіресе соңғы әннің шығу тарихы мен кімге арналғаны туралы бөліскен сәт – көрермен жүрегіне тікелей әсер етті. Бұл ән – оның шығармашылығындағы ең жеке, ең эмоционалды туындылардың бірі. Бағдарлама соңына қарай Ғазизхан «Ұлыма ақыл» әнін орындап, студияны мейірім мен рухани тереңдікке бөледі. Әннің мәтіні мен орындалу мәнері тыңдарманды ойландырып, әркімді өз өміріне үңілуге шақырды. Осылайша Қызық Times студиясында өткен бұл кездесу – бір концерттен де артық, бір сұхбаттан да терең болды. Ғазизхан Шекербековтің шынайылығы, өмірге деген көзқарасы мен өнерге адалдығы бағдарламаның басты өзегіне айналды. Толық шығарылымды Қызық Times YouTube арнасынан тамашалап, шынайы өнердің қуатын бірге сезініңіз. Жүргізушілер: Марат Оралгазин - https://www.instagram.com/oralgazin/ Еркебулан Мырзабек - https://www.instagram.com/rollanuly/ Қонақта: Gazizkhan Shekerbek https://www.instagram.com/gazizkhan?igsh=ajNycHgxZGI2MHU4 #ҚызықTimes #ҒазизханШекербеков #ЖандыДауыста

About YouTube Real-Time View Count

With SocialCounts.org’s view counter, track your YouTube video’s live view count and YouTube likes count in real time with fast, reliable updates.

Watch every YouTube video live view count rise with our real-time YouTube views tracker—built for accuracy and minimal delay.

Follow YouTube real time views as they happen, using our dedicated view counter for YouTube videos.

Get up-to-date live view count on YouTube and see real-time growth with SocialCounts.org’s smart tracking tools.

Embed Widget

Parameters:

  • fullscreen=true - Fullscreen counter
  • graph=true - Live graph chart
  • counter=0/1/2 - Select counter (0=likes, 1=views, 2=comments)
URL

Click to copy the embed URL to your clipboard